Облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісі өтті

Алқа мәжілісіне облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің вице-министрі Е.А.Біртанов қатысты.
2015 жыл қортындысы бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы А.Ш.Әлназарованың есепті баяндамасы тыңдалды.
2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып, мақсатты индикаторларға қол жеткізілді. 
- Демографиялық көрсеткіш өмір сүру ұзақтығы 2015 жылы - 71,06, 2014 жылы – 70,62. 
- жалпы өлім көрсеткіші. 1000 тұрғынға шаққанда 5,86 болып, өткен жылмен салыстарғанда 14,7%, мақсатты индикатор 6,06 (ҚР – 7,59).
- ВИЧ-инфекциясының таралуы 15 пен 49 жастағы тұрғындар арасында 0,003% ( ҚР – 0,18%).
- қатерлі ісіктерді 1-2 сатысында анықтау 45,4% мақсаты болса, 50,3% жетті (ҚР – 55,1%). 
- онкологиялық науқастарының 5 жылдан кем емес өмір сүру ұзақтығы 45,6% дан 49% жетті. (ҚР -50,8%).
- туберкулезбен аурушаңдық 100 мың тұрғынға ашққанда - 78,0, соңғы үш жылда 15,8% төмендеген. 
- Туберкулез ауруларын емханалық деңгейде емін жалғастыру мақсатында, тек біздің облысымыз ғана жергілікті бюджеттен 124,3 млн теңге бөліп, науқастарға әлеуметтік қолдау көрсетуде. 
- Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 137,5, (мақсатты көрсеткіш ҚР – 210,29), дегенмен ауруды ерте анықтау және сауықтыру шаралары өз деңгейінде емес.
- Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіші және мүгедекті төмендету мақсатында жоғары мамандандырылған көмекке қол жетімділік артты. Облыстық кардиохирургиялық ашылғалы 4000 тоа жасалса, ашық жүрекке 599, 5299 коронография, 1483 науқасқа стент қойылған. 2015 жылы ашық жүрекке 92 ота (2014ж- 149) жасалған. Республикалық нейрохирругиялық орталықта ғана жасалатын бас-ми тамырларына, ұйқы күре тамырларына жоғары мамандандырылған оталар жасалуда.
- Жарақаттану, улану және бақытсыз жағдайлардан болатыны өлім көрсеткіші 100 мың тұрғынға - 47,2 төмендеген (ҚР – 85,38 ), бірақ ең жоғарғы көрсеткіш жол көлік апатынан болуда. 
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және облыс әкімшілігі арасындағы облыс тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында жасалған Меморандумға орай:
- ана өлімі көрсеткіші – 100 мың тірі туылғанға шаққанда 46,8 (мақсатты индикатор – 4,9) (ҚР – 12,3), республикалық көрсеткіштен жоғары. 
- сәбилер өлімі көрсеткіші 1000 тірі туылғанға шаққанда өткен жылмен салыстырғанда 11,07 болып, 8,3% азайған (ҚР - 9,4.) 
Ана мен сәби өлімін төмендету мақсатында: 
- ана мен бала қызметін ықпалдастыру моделін негізуге байланысты Жол картасы әзірленіп, босандыру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жақсартылды, облыстық перинаталды орталықты жарақтандыру 88% жетті; 
- босандыру сатысына қарай босандыру ұйымдарын өнірлендіру қайта қарастырылды. Барлық аудан перзентханалары 1 сатыға жатқызылып, сау аналар босанатын болса, облыстық перинаталды орталық 3 сатыға жатқызылып, (100% облыстың барлық науқасы бар аналары босанатын болады) ; 
-аудандардағы перзентханаларда акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматологтардың тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылды; 
- санитарлы авиация бригадалары қосымша акушер-гинеколог, анестезиолог, неонатологтармен толықтырылды; 
- әйелдерді жүктіліктің ауыр кезеңдерінде облыстық перинаталды орталыққа уақытылы жеткізу, соның ішінде Ресей жағынан Байқоңыр қаласында тұратын ҚР азаматшаларын 3 сатылы босандыру ұйымдарына жеткізу мәселесі шешілді. анықтама: 2016 жылдың басынан бері ресейлік әріптестермен біріге отырып, байқоңыр қаласынан перинаталды орталыққа жүктіліктің ауыр түріндегі 3 ана жеткізіліп, аман-есен боландырылды. 2015 жылы санитарлы авиация арқылы облыс орталығына аудандардан 73 жүкті әйел жеткізілді. 
- Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығымен тығыз әріптестік орнатылды; - жүкті әйелдерді ерте есепке алу көрсеткіші 63% дан 81% жетті. 2016 жылдың қаңтар айында 86,2% көтерілсе, терапевтермен қаралу 96% көтерілді. 
- осы жылдың қаңтарынан бастап, жергілікті бюджеттен 34 млн. тенге бөлініп, перинаталды орталықта 30 төсектік босанғанан кейінгі қалпына келтіру бөлімі ашылды; 
- және орталықта сәбилер өлімі көрсеткішін және туа бітті ақауларды ерте анықтау инвазивті әдіс енгізілді. УДЗ экспертті-класса орнату жоспарлануда.
Өңір тұрғындарын дәрігерлермен қамту 10 мың тұрғынға шаққанда – 27,7 (2014 ж.-27,6; ҚР-30,3); орта буын қызметкерлері –107,6 (2014 ж.-104,2), (КР – 78,2). Өткен жылы 870 (2014 ж-1137) дәрігер, 1371 (2014 ж.-1682) орта буын қызметкері біліктілігін көтерген. Облыс бойынша емдеу ұйымдарына 155 дәрігер қажеттілігі бар, өткен жылмен салыстарғанда қажеттілік 42% (2014ж-109) артқан, 40% ауылдық, 60 % - облыстық-қалалық емдеу ұйымдарына. (кардиолог, окулист, невропатолог, рентгенолог, неонатолог, гинеколог, реабилитолог). 
Соңғы 3 жылда 300 маман тартылған. 99 маманды неонатолог, гинеколог, реабилитолог, клиникалық фармаколог және басқада мамандарды қайта даярлаудан өткізіп, қажеттілікті азайтуға жоспарлануда. 
- Тұрғындарға мамандандырылған көмекпен қамту мақсатында, биылғы жылы облыстық кеңес беру диагностикалық орталығынан гепатология, сурдология, кардиологиялық, №6 емханадан нефрологиялық, №1 емханадан ревматологиялық, №3 неврологиялық және нейрореабилитациялық бейінді орталықтар ашылды. 
- ОКБД орталығынан асқазан, өңеш, тік ішек ауруларын ерте сатысында анықтау және сапалы скринингтік тексеру жүргізу мақсатында, мазок жұқпасын тексеру үшін орталықтандырылған скринингтік база ашылды. 
- 2015 жылы тұрғындар өтініштері мен сұрақтаны «дәл қазір, осы жерде» шешу мақсатында, салада Call-центр орталық құрылып, осы уақытқа дейін 36,7% өтініштердің азаюына әкелді. Салаға қатысты 40-00-01 телефонына хабарласып, барлық сұрақтарды шешуге болады. Және emdeu.kz порталы арқылы облыстың емдеу ұйымдарының дәрігерлеріне жазылуға мүмкіншілік тудырылды. 
- 2015 жылы материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында республикалық бюджеттен 16934,2 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 700,3 млн. теңге бөлінген.
- Күрделі жөндеу және аурухана ішілік инфекцияны болдырмау мақсатында 368,9 млн. теңге қаралып, тиісті жұмыстар атқарылған.
- Мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік негізінде Қызылорда қаласының Әл-Фараби аймағынан құны -3,8 млрд теңгені құрайтын, аусымына 500 келушіге арналған емхана құрлысын жүргізудің концессиялық негіздемесі жасалды. 
Алқа мәжілісінің қортындысы бойынша облыс әкімдігі тарапынан, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне 3 мәселе қойылды.
1. Мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік негізінде облыстық онкология орталығының материалдық-техникалық базасын күшейтіп, аймақтық орталық негізінде құру.
2. облыс аумағынан өтетін «Батыс – Қытай Батыс –Европа» халықаралық транзиттік көлік дәлізінің бойынан 3 медициналық бекеттер ашу;
3. Салаға маман тарту, әсіресе ауылдық елді мекендерге дәрігерлер тартуда әлеуметтік қолдауды жандандыру мәселесі.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің вице-министрі Е.А.Біртанов өз кезегінде, аталған мәселелердің оң шешілуіне ықпал жасалатындығын мәлімдеді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісі өтті
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісі өтті
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісі өтті
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісі өтті
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісі өтті

Аты жөні:*
E-Mail:
Пікірлер:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Кодты енгізіңіз: *