Бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары

1-03-2016, 09:38 Бас бет » Әкімшілік
Бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасарыГүлаим Шәрiпқызы Сейiлханова 1961 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келді. 
1978 жылы Қызылорда медициналық училищесiнiң «медицина iсi» бөлiмiне түсiп, оны 1980 жылы бiтiрдi. 1980-1987 жылдар аралығында Жалағаш  аудандық ауруханасында аяжан болып еңбек жолын бастады. 
1987 жылы Семей қаласының мемлекеттiк медициналық  институтынының   «емдеу iсi»  факультетiне   түсiп,  оны  1993 жылы ойдағыдай аяқтап шықты. 
1993 – 1994 жылдарда қалалық ауруханада дәрiгер-терапевт жұмысында болды.  1994-1998 жылдары  № 3-ші қалалық емханасында әуелi дәрiгер-физиотерапевт, кейiннен профилактика бөлiмiнiң  меңгерушiсi болып қызмет атқарды.
1998 жылы Қызылорда облыстық наркологиялық диспансерінде дәрiгер-нарколог, кейiннен бас дәрiгердiң емдеу жөнiндегi орынбасары қызметін бүгінгі күнге дейін атқарып келедi. 
Бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасарыМедицина саласындағы жалпы жұмыс өтілі - 34 жыл.
Еңбек еткен жылдар iшiнде бiлiмiн жетiлдiру мақсатында 7 рет наркология саласы бойынша және «Денсаулық сақтау  саласында ұйымдастыру және басқару» тақырыбында  Алматы, Павлодар қалаларында білімін жетілдірді.  
2006 жылдың  желтоқсан айында денсаулық сақтауды ұйымдастырушы мамандығы бойынша І-ші біліктілік санатына ие болды. 2010 жылдың маусым айында дәрігер-нарколог мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатын алды.
2010 жылы «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігіне» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар облыстық денсаулық сақтау  басқармасы мен кәсіподақ ұйымынынан бірнеше мәрте Алғыс Хатқа, Құрмет  Грамотасына және медицина  қызметкерлерінің кәсіптік  мерекесіне орай облыс әкімінің  Алғыс Хатына ие болды.    
Жанұялы, 2 бала тәрбиелейді. Жолдасы - дәрiгер инфекционист, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі.