Қазақстанда ішпесе ізденіп тұратындардың саны азаймай тұр

15-05-2014, 11:53 Бас бет » Видео
Қазақстанда ішпесе ізденіп тұратындардың саны азаймай тұрТіпті  ішкілікке салынғандар саны бойынша бүкіл Орталық Азияда көзге сүйел болып, кері кетіп барады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы деректеріне сүйенген Қаржы министрі мәжілісмендерге бүгін осылай мәлімет берді. Жағасын ұстаған депутаттар  алғашында бұл ақпарат жалған деп иланбады. Бірақ кейін келе Қазақстаннан 1 миллион шөлмек арақ сыртқа шығарылса, өзге елдерден 4 миллион данасы жеткізілетінін естіді. Ізінше көлеңкелі бизнестің көрігін қыздырып жүргендердің дені жоғары лауызымды шенеуніктер деп үкімет мүшелерінің өздерін айыптады.
Алкоголь өнімдерінің өндірісіне қатысты заң жобасын қолтықтай келген Қаржы министрі бірден сандық мәліметтерін жария етті. Айтуынша, әр отандасымыз жылына 5,5 литр таза этил спиртін немесе 11 литр арақ ішеді. Қаржы министрі Б.Сұлтановтың сөзіне сенсек, Орталық Азияда тап біздей көп ішетін мемлекет жоқ. Кері кеткен кеселді тоқтату үшін ол сауық орындарынан басқа сауда нүктелерінде кешкі 9 бен түскі 12 арасында арақ сатуға тыйым салуды ұсынды. Министр келтірген алғашқы дерекке ду күлген әріптестерін сынай сөйлеген Алдан Смайыл бұл жылайтын жәйт екенін ескертіп, бұл істе норвегиядағыдай табандылық танытуды сұрады.
 
АЛДАН СМАЙЫЛ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Демалыс күндері мен мереке күндері ресторандарда, сауда орындарына арақ сатуға болмайды. Егер сататын болса лицензиясынан біржола айырылады. Сонда Норвегия арақтан түсетін ақшаны ойламайды дейсіз бе? Ойлады. Бірақ болашақты жоғары қояды.
Қазақстанда спирт өндіретін 31,  алкоголь өнімдерін шығаратын 24 кәсіпорын бар. Ресми мәліметтерге сенсек, олардың ешбірі толық қуатында жұмыс істеп тұрған жоқ. Бұған күмән келтірген мәжілісмендер олар өнімнің тек 20 пайызын көрсетіп, өзгесін көлеңкелі нарыққа жолдап жатқанын айтады. Мұндай өндірістің артында тіреуі мықтылар тұрғандықтан, тиісті органдар заңсыз әрекетке барғандарды да жазалай алмайтынын ашық айтты.
 
ВЛАДИСЛАВ КОСАРЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
 Они щас благоухают. За каждым таким предприятием стоит большая фигура.
Бүгін қаралған заң жобасынан арақ сататын дүкен мектеп пен балабақшадан кемінде 100 метр қашық болуы керек деген талап тасталған. Депутаттар бұл мәселені қызыл кеңірдек болып, 90 минут талқылады. Өйткені болмашы талап, қадағалаушы органдардың табыс көзіне айналып кеткен.
 
АЗАМАТ ӘБІЛДАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Келеді тексереді. Түк таппаса әлгі 100 метрді айтып шыға келеді де кәсіпкерлерді счетчикке қояды. Салықшылар да қаржы полициясы да бәрі.
1 жарым сағат жарыса сөз таластырған депутаттардың бірі қалмай өзі араласатындар арасында арақ ішетіндер азайып келе жатқанын айтты. Сөйтті де палата төрағасынан бастап, сонда кімдердің әлі арақты батып та, сатып ішіп жатқанын біліп беруді сұрады. Ал министр өзі тек мерекелер мен сыйлы дастархандарда ғана аққа амалсыздан ауыз тигізетінін айтты. 
Қонақтарда болмасақ аздап сөйтіп..... 5 литрге жетпей ме? Жоқ ондайды ішуге мүмкіншілік жоқ қой.
Мәжілісмендер әдеттегідей 90 минут сөз жарыстырып алып, заң жобасын бірауыздан мақұлдап жіберді. Тек министрден келесі оқылымға дейін, ғылыми тұрғыда зерттеп, арақ ішуден Орталық Азияда Қазақстанды алға шығарған кімдер екенін анықтап келуін қадап тапсырды.     

Жанболат Серікбай, Нұркен Тоқмурзин.

"31 арна”
-See more at: http://31.kz/video/show/id/1836/#sthash.XLjGK6vO.dpuf