Есірткіге елігіп, ем қабылдауға келгендерді еңбекпен емдеу

19-08-2014, 12:31 Бас бет » Видео
Есірткіге елігіп, ем қабылдауға келгендерді еңбекпен емдеу Қостанай облысында есірткіге елігіп, ем қабылдауға  келгендерді еңбекпен емдеуге кіріскен. Оңалту орталығындағыларды медициналық әрі психологиялық тұрғыдан емдеу үшін қоян, тауық пен доңызды бағып, жем беруге баулитын болып шықты.
Бір кездері есірткіге елігіп, бойын улаған отыз екі жастағы Данил оңалту орталығына ем қабылдауға келген. Бірақ науқас қорадан шықпайды. Қоян, тауық пен торайларға тары- жем шашып, үй құстарын бағушыға айналыпты.
 
ДАНИЛ, емделуші:
Я за свои 32 года, работал всего года 2. Все навыки труда, ответственности, режима - они утрачены. Сейчас я их восстанавливаю.
Бұдан өзге орталықтың аумағында алып алқап бар. Жақын күндері қызанақ, картоп егу науқаны басталады. Оған да жұмыс күші сырттан әкелінбейді. Емделуге келген азаматтар екі қолға бір күрек алып, дәнді-дақылдар мен жеміс-жидек отырғызуы жұмысына жұмылдырлады.
Бұл жерде есірткіге тәуелді жандар ауыр дерттен арылуға барлық күштерін салып бағады. Сондай жандардың бірі Виктория Капустина. Алты жылдан бері нашақорлыққа бой алдырған келіншектің мұндай келгеніне бір айдан асыпты.
 
ВИКТОРИЯ СТЕНОВАЯ, емделуші
У меня в основном все мои друзья это наркоманы. Из них есть подруга которая также достигнув своего дна, приехала в этот центр, прошла здесь полный курс реабилитации. Приехав, она увидела в каком я сейчас положении, посоветовала мне сюда приехать, и я приехала, приехала потому что видела результат.
Мұнда ем аламын деп келушілердің бос уақыттары болмайды. Біреулері денелерін жаттықтырса, екіншілері шаруашылықпен айналысады. 20 сотық жер мен жүзге жуық қоян, оннан астам торай мен шошқа бағу мұндағы науқастардың күнделікті айналысатын істері.  Бір қызығы, науқастардың уақыттарының көбін қара жұмысқа арнауынан мұндайғы қызметкерлері олқылық көрмейді. Керісінше, еңбек ету  емге қажетті дүние дейді.
 
ГҮЛСІМ БИСЕМБАЕВА, психолог:
Трудотерапия очень результативный метод, вообще в деятельности любого человека. Недаром говорят, что труд сделал из обезьяны человека. Трудотерапия возвращает из в состояние, что «я должен», это требования, забота о животных и растениях, возвращаем их, реанимируем.
Оңалту орталығындағы ем тоғыз айға есептелген. Көбі бұл жерге қайтып келеді. Өйткені жүргізілген емге қарамастан, әлем бойынша науқастың толық жазылып шығу он бес пайыздан аспайды.
 
Сурет donbass.ua сайтынан
 
- See more at: http://www.31.kz/video/show/id/2212/#sthash.v1nGlfbe.dpuf