Соңғы 5 жылда елімізде есірткі қабылдаушылар саны 10% азайды

20-08-2014, 10:33 Бас бет » Видео
Соңғы 5 жылда елімізде есірткі қабылдаушылар саны 10% азайды  Ресми деректерге сүйенсек, оны тұтынатын жастардың қатары да сиреп келеді екен. «Мұның барлығы мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі жүзеге асырылуынан», деп атап өтті Орталық коммуникациялар қызметіне келген Нашақорлықтың медицина-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы директоры Алтынай Есқалиева.

Мамандар бүгінде елімізде 353 кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің есірткіге қатысты есепте тұрғанын жеткізді. Егерде осыдан 5-6 жыл бұрын дәрігерге келген науқастар 7 мен 9 жас аралығында болса, бүгінде ол жас көрсеткіш 17-ге келіп тірелген. Қазір 35 мыңнан астам адам есірткі тұтынады. Оның 60 пайызы есірткіні инъекция арқылы пайдаланатын көрінеді. Ал, ол денсаулыққа өте зиян,-дейді жиында бас қосқандар.

Алтынай Есқалиева, Нашақорлықтың медицина-әлеуметтік проблемалары республикалық орталығының директоры:
- 2014 жылдың 6 айында жаңағындай 7 пайызға алғашқы рет нашақорлық пайдаланып, учетқа алынған. Негізі есірткіні пайдаланып, нашақорлық диагнозымен есепке тұрған аурулардың саны төмендеді.

http://www.khabar.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/4028-so-y-5-zhylda-elimizde-esirtki-abyldaushylar-sany-10-azajdy