Соңғы 5 жылда есірткі қабылдаушылар саны 10 пайызға азайған.

20-08-2014, 16:28 Бас бет » Видео
Соңғы 5 жылда есірткі қабылдаушылар саны 10 пайызға азайған. Ресми деректерге сүйенсек, оны тұтынантын жастардың қатары да сиреп келеді екен. Мұның барлығы мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі жүзеге асырылуынан деп атап өтті орталық коммуникациялар қызметіне келген Нашақорлықтың медицина-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы директоры Алтынай Есқалиева.
Мамандар бүгінде елімізде 353 кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің есірткіге қатысты есепте тұрғанын жеткізді. Егерде осыдан 5-6 жыл бұрын дәрігерге келген науқастар 7 мен 9 жас аралығында болса, бүгінде ол жас көрсеткіш 17-ге келіп тірелген. Қазір 35 мыңнан астам адам есірткі тұтынады. Оның 60%-ы есірткіні инъекция арқылы пайдаланатын көрінеді. Есірткіні инъекция түрінде пайдалану денсаулыққа өте зиян дейді жиында бас қосқандар.
Алтынай Есқалиева, Нашақорлықтың медицина-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы директоры: - 2014 жылдың 6 айында 7%-ға алғашқы рет есірткі пайдаланып, нашақорлық диагнозымен есепке тұрған аурулардың саны төмендеді.

Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/densauly/item/21562-j-an


Аты жөні:*
E-Mail:
Пікірлер:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Кодты енгізіңіз: *