Келер жылдан бастап қазақстандықтар нашақорлыққа байланысты арнайы тестілеуден өтуі мүмкін

31-03-2014, 12:27 Бас бет » Видео
Келер жылдан бастап қазақстандықтар нашақорлыққа байланысты арнайы тестілеуден өтуі мүмкін Елімізде есірткіге тәуелділердің саны азаюда. Дегенмен, бұл жайт есірткі бағасының төмендеуіне әсер етпеген сыңайлы. Бүгін есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті атқарылған жұмыстың қорытындысын жасады. Осыдан 7 жыл бұрын есірткі құны 3000 АҚШ доллары болса, ал биыл 20-ға жетті. Өткен жылы 3 мыңнан астам есірткі қылмысы тіркеліп, 28 тонна есірткі тәркіленді. Дегенмен, сала қызметкерлері осындай оң нәтижелермен тоқтап қалмақ емес. Арнайы жобаға мемлекет 2016 жылға дейін 6 миллиард 167 миллион теңге бөлмек.
Сондай-ақ, келесі жылдан бастап ел азаматтары нашақорлыққа байланысты тестілеуден өтуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, жылдың соңына дейін заңға енгізілетін өзгертулер дайын болуы тиіс.
Елена Ваганова, ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті басшысының орынбасары: - Арнайы тестілеуді мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау саласының мамандары өтпек. Сондай-ақ, олардың қатарында жүргізуші куәлігін алушылар, қару ұстауға рұқсаты бар азаматтар да бар. Бұл дегеніміз жай ғана анықтамалық қағаз емес, ол маңызды тестілеу болмақ.

Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/797-kzhykin