шімдікке тойып алған тоғыз жастағы бала өлім аузынан қалды

18-09-2014, 18:52 Бас бет » Видео
шімдікке тойып алған тоғыз жастағы бала өлім аузынан қалды Қарағандыда  ішімдікке тойып алған тоғыз жастағы бала өлім аузынан қалды. Спирт тұнбасын ұрттаған мектеп оқушысы жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Ал екі жылдан бері полицияда маскүнем ретінде тіркеуде тұрған анасы болса,  ұлының бұл қылығын балалық деп қоштап отыр.

Спирттік тұнбадан уланып қалған баласын Анжелика Малышева мектепке дейін енді өзі шығарып салатын болыпты. Екі жылдан бері ішкілікке салынған ата-ана ретінде полицияның есебінде тұрған әйел баласының бұл әрекетінен анайы қылық байқамаған сыңайлы.

АНЖЕЛИКА МАЛЫШЕВА, анасы:  
Мен баламнан неге іштің деп сұрасам, білмеймін дейді. Үлкен апаларына сілтейді. Солардан көрдім дейді. Бірақ бізде ешкім ішпейді. Мен ол кезде Балқаш қаласында жұмыста болғанмын. Негізі балам жаман емес, өте жақсы. Енді бұл өмірде кім қателеспейді.

Жаға ұстатарлық оқиға осыдан бір апта бұрын кешкі сағат сегіздің шамасында болған. Спирттік ішімдікке сылқия тойып алған Иван өзі оқитын мектебінің алдында есінен танып құлаған. Дереу жансақтау бөліміне жеткізілген тоғыз жасар бала тек бірнеше сағаттан кейін ғана ояныпты. Ал мектеп басшылығы Иванның тағайындалған тексерістерден соң тиісті емдеу мекемелеріне жіберетінін айтты.

КЕНЖЕҒАЛИ ҚАЙРАТ
, мектеп директоры:  
 Бұл баламен жұмыс жасалып жатыр. КЗПН қаралды. Шешесімен совет профилактикалар жасадық өткіздік. Бұл бала қазір больницадан шықты. Сабақта отыр. енді келешекте наркологиялық тексерістерден бәрінен өтіп, лечебный органдарға жіберетін шығар деген ойдамыз.

Мейрамгүл Салқымбаева, тілші:  
Қазір жергілікті прокуратура мен полиция бөлімдері оқиғаны өз бақылауларына алды. Жеткіншектің арақты қайдан сатып алғаны да анықталып жатыр. Ал арақ ішіп, өлім аузынан қалған Иванды мұғалімдері бұзақы балалар тіркеуіне қоямыз деп отыр.
 
Сурет www.doctorvlad.com сайтынан алынды
- See more at: http://www.31.kz/video/show/id/4006/show/ib#sthash.FoXroLr0.dpuf