Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № 381 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № 381 бұйрығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № 381 бұйрығы 

2014 жылғы 8 шілде, Астана қаласы

«Денсаулық сақтау саласында бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Қазақстан Республикасы Кодексiнің 7-бабының 28) тармақшасына, 176-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 991 қаулысымен бекітілген Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметтердің және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдері тізбесінің 39, 40-тармақтарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін автоматтандыру мақсатында бұйырамын:
1. «Денсаулық сақтау саласында бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5884 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдарының 2010 жылғы № 1 Актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.М. Ахметниязова):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С. ҚАЙЫРБЕКОВА.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау агенттігі төрағасының міндетін атқарушы _____________ Ж. Бекшин

Бұйрықтың толық мәтінін өзіңізге жүктеу осы жерде R-DSM-381-byryy.doc [141,5 Kb] (cкачиваний: 26)