ӘЙЕЛ НАШАҚОРЛЫҒЫ

ӘЙЕЛ НАШАҚОРЛЫҒЫӘйелдерде ес алатын есірткі бұйымдарына есірткілік тәуелділік еркектермен салыстырғанда тезірек қалыптасады. Психобелсенді заттарға (ПБЗ) жылдам бой үйренуді ғалымдар оны иеленген әйел жынысының тәуелділіктің қалыптасуын барынша бейім ететін әйел гормоны эстрогенмен түсіндіреді.  Жануарларға жасалған эксперименттерде әйел жынысының кокаинге және героинге тәуелділікке бір деңгейге жету үшін еркектермен салыстырғанда ол сәйкесінше енгізудің қысқа мерзім аралығы 2,5 және 1,5 есе болған.    
Әйелдерде есірткіге тәуелділіктің қалыптасу ерекшеліктерінің бірі әйел есірткіні торығу (депрессия) мен нашар көңіл жай-күйінде қабылдайтын болса, еркектерде торығу есірткіні қабылдау фонында пайда болады. Басқаша айтқанда әйел торығуды есірткі көмегімен басады, бұл өз кезегінде есірткіге тез және күшті таңылуға жетелеп, оның организмге тигізер зардабын барынша ауыр етеді.
Алайда әйел нашақорлығының ең жаманы, әрине тәуелді әйелдің ана бола алмау қауіпі. Әйелдің сораны тұтынуы етеккір циклін бұзады. Марихуананы созылмалы түрде қабылдау овуляцияны (ұрықтануды) бөгейді. Жүктілік кезінде марихуана қабылдаған әйелден жетілуі тежелген бала туады.     
Кокаинды тұтыну жатыр түтіктерінің жұмысындағы өзгерістерге байланысты жүктілік басталу ықтималдығын төмендетеді. Героинды тұтынған кезде жүктілік көбіне ең соңғы сатысында аңғарылады. Бұл еттеккірдің тұрақсыздығына, ал кейде мүлдем жоқ болуына байланысты.
Есірткі тұтынатын ана құрсағындағы бала үшін зардаптар АИТВ-жұқпасы, шала туғандық, туу кезіндегі дене массасының төмендігі, кенеттен болған бала өлімі синдромы, бас өлшемінің кішілігі, туа бітті ақаулар, бой өсімінің тежелуі, қозғалыс ептіліктерінің нашар жетілуі, мінез-құлықтық және неврологиялық проблемалар болады.   
Кез-келген есірткі, егер оны болашақ ана жүктілік дамуының ерте кезеңдерінде қабылдайтын болса, бет әлпет құрылымы бұзылуының пайда болу ықтималдығын арттырады.
Ананың психобелсенді заттарды тұтынуы баланың денелік (физикалық) және психикалық денсаулығына ана сүтімен қоректендіру кезінде де әсер етуі мүмкін. Одан бөлек, анасы есірткі қолданатын отбасындағы өмір баланың шешесінің мінез-құлық стереотипін қайталауына жетелеуі ықтимал.    
Есірткілер мен әйел денсаулығы бір-бірімен үйлеспес ұғымдар. Психобелсенді заттар әйел организмін бүлдіріп оны өмірдегі ең маңызды мақсаты – ана болу рөлін орындауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан әйелдегі нашақорлықты емдеу оның организміндегі есірткілерді созылмалы түрде қабылдау нәтижесінде түзетілмес өзгерістердің өте тез басталатыны ескеріле отырылып дер кезінде жүргізілуі тиіс.     

Кульзира Амангельдиевна НАБИЕВА,
"облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК,
№4 наркологиялық аймақ нарколог дәрігері

Сурет ruskef.ru сайтынан алынды