Елімізде кәмелеттік жасқа толмаған 353 бала есірткіге тәуелді

Елімізде кәмелеттік жасқа толмаған 353 бала есірткіге тәуелдіАСТАНА. 27 тамыз. Қазақстанда есірткіге тәуелді 353 бала бар. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Республикалық нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Алтынай Есқалиева осылай деді. Бұл туралы ortcom.kz хабарлады.
А.Есқалиева: «Қазіргі таңда бізде есірткіге тәуелді 353 кәмелеттік жасқа толмаған бала есепке алынған. Жасөспірімдер арасындағы есірткіге тәуелділікті азайтуға бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізілудің нәтижесінде көрсеткіштер айтарлықтай төмендеп отыр», – деді. Сондай-ақ, ол белгілі салада зор жетістікке жеткен балаларды үлгі ету арқылы мектеп оқушыларын бастауыш сыныптардан бастап салауатты өмір салтына бейімдеу қажет  екенін жеткізді.
«Балаларға дұрыс ақпарат беру керек. Қазіргі уақытта біз осыған баса назар аударудамыз. Мектептерде түсіндіру жұмыстары да дұрыс жүргізілуі тиіс», – деді А.Есқалиева.
 
Жолдыбай Базар.
 
Дереккөз: ortcom.kz.
 Фото: BNews.kz.
http://egemen.kz/?p=35454