ЕСІРТКІГЕ ЕЛІТІП, ЕССІЗ БОЛМА...

ЕСІРТКІГЕ ЕЛІТІП, ЕССІЗ БОЛМА...Қоғамымызда бүгінде бір елді ғана емес, әлемді жайлаған дерттің бірі –  есірткі мәселесі өршіп тұрғаны рас. Оған қарсы күрес жүргізу үшін дүниежүзі мемлекеттері жұмылуда.
Біздің елімізде де есірткіге қарсы күрес мемлекеттік саясатқа айналды. Оның дәлелі, ел Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі №451 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы. Осы бағдарламаны іске асыруға бюджеттен қаражат бөлініп жатыр. Сондықтан осы кезге дейін де бұл кеселмен күреске ел болып білек түре кіріскеніміз баршаға мәлім. Нәтиже де жоқ емес.
Бүгінгі күні қазақстандық қоғамның алдында тұрған көптеген мәселелер арасында халықтың денсаулығына және жалпы ұлттық қауіпсіздікке төнетін жаһандық қауіп ретінде есірткі бизнесі мен нашақорлықтың өсу мәселесі барған сайын алғашқы орындардың біріне шығуда.
Халықаралық сарапшылар  көрсеткен мәселені шешуде әркелкі тәсіл байқалады, осылайша есірткі бизнесіне қарсы күрес тәсілдері ретінде, қылмыстық заңнаманы түбегейлі қатаңдатуға дейінгі әртүрлі шаралар, яғни жазалау шараларын қолдау ұсынылады. Оң профилактиканы насихаттайтын сарапшылардың пікірінше, қылмысқа қарсы күрес қаншалықты маңызды және қажет болуына қарамастан, басқа шаралар әлеуметтік сипаттағы шаралар болуы тиіс.
Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады. Есірткі ессіздердің айналысатын ісі болып табылады.
Есірткіге байланысты қылмыстарға қарсы күрес жүргізу ең алдымен, есірткіні өзі тұтынушы ретінде сатып алатын адамдар емес, есірткі бизнесін ұйымдастырушыларды, таратушылар мен сатушыларды анықтап, жолын кесуге бағытталуы тиіс.
Нашақорлық – адамзатқа берілген ең ауыр жаза. Нашақорлық – өзін-өзі өлтірудің ең баяу да ауыр тәсілі. Бүкіләлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес, жұмыр жердің  әрбір тұрғыны қарсы күрес  жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімі табылмақшы. Сондықтан да, сіз болып, біз болып салауатты өмір салтын қалыптастырайық!
 
Қ.АБДУЛЛАЕВ,
Қармақшы аудандық сотының төрағасы.
 
Сурет http://www.socionics.org/ сайтынан алынды
http://www.syrboyi.kz/kogam/390-esrtkge-eltp-essz-bolma.html