Есірткі туралы ащы шындық

Есірткі туралы ащы шындықЕсірткі-грек тілінде "ұйқы” мағынасын білдіретін "narke” сөзі, ағылшын тілінде "narkotik” деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы алғанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимуляторлар да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені бұлардың құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар. Есірткі және ынталандырушы (стимулятор) дегеніміз адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе-теңдікті бұзатын, рухани және физикалық тәуелділікке жол ашатын, жеке адам және қоғамдық жағынан экономикалық және әлеуметтік құлдырауға әкеліп соғатын заттар. Есірткі қару контрабандасында, тыңшылықта, бір мемлекеттің басқа мемлекет жастарын аздыруда, заңсыз жолдармен табыс табуда ең әсерлі және ең көп пайдаланылатын құрал.  
Есірткінің шығу тарихы Есірткі ежелден адамзат баласына оңай және тез тәуелділікке душар етіп, организмге зиян әкелетін зат ретінде белгілі болған. Ежелгі мысырлықтар апиынды б.э.д. 1600 жылы балалар мен ересектерге тыныштандырушы зат ретінде қолданған. Ежелгі гректер қайғы-қасіретті ұмыттыру мақсатында және ауыр хәлдегі науқастарға ұйқтататын дәрі деп пайдаланған. 1803 жылы неміс химигі Ф.Сертюнер апиыннен алғашқы алколоиды болып алып, грек ұйқы құдайы Морфей атына –”морфин” деп атаған. 1898 жыл Дессер морфиннен химиялық жолмен героинды бөліп алды. Алғашқы кезде героин морфинизмды емдеу үшін қолданылды.
 Есірткі мәдениеті Есірткі ағымының негізгі мақсаты – бір мемелекет немесе бір қоғамның ұлттық санасын және қорғаныс қызметін жойып, оны отарға айналдыру. Жезөкшелік, парақорлық, құмарлық, зорлық, өзін-өзі өлтіру, жыныс ауыстыру, нашақорлық, отбасының ыдырауы секілді қоғамды құлдырататын себептер есірткі мәдениетінің негізгі элементтері болып табылады. Ұятсыздық, жезөкшелік басқа да моданың жаман ағымдарын қолдайтын, әр түрлі идеологияларды таратып, халықты әсіресе жастарды топтарға бөлетін мүмкіндік туған сайын бұл топтарды бір-бірімен соқтығыстыратын, әр түрлі ұлттық, мәдени және мінез-құлық құндылықтарын алыстататын, оны жануарлар қатарына дейін төмендететін бұл мәдениет - есірткі мәдениеті деп аталады.   
Есірткі қолданудың негізгі себептері
Білімсіздік: Есірткіні қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңіл желпі қарау. Қызығу: Қызығушылықтың туындауына БАҚ себеп болады дей аламыз.
Ойын-сауық орындары: Қысым: Жаман достардың қысым жасауы.
Әуестік: "Бір рет көрейін, сосын тастаймын” деп ойлау. Бірақ бір немесе екі рет кору адамды қайтпас жолға түсіру үшін жеткілікті болады.
Мода: Айналадағы адамдарға еліктеу.  
Есірткінің түрлері
Арнайы есірткі заттары тізіміне енгендер:
- кең тараған апиын, героин, кокаин, анаша (гашиш, марихуана):
лизергин қышқылы, мескалин, псилоцибин.
Есірткіге жатпайтын, бірақ әдеттену (тәуелділік) туғызатын заттар:
- ішімдік заттары.
- ұйықтатын және тыныштандыратын, ауруды басатын, психотроптық дәрілер (диазепам, реланиум, фенобарбитал, т.б.).
- психостимуляторлар (экстази, эфедрон, фенамин, кофеин, амфетамин т.б.)
- галюциногендер
- циклодол, астматол, димедрол және т. б.
- ұшпалы заттар бензин, толуол ( тұрмыстық химия өнімдері - желім, лак, бояу, оларды еріткіштер, хлорофос, дихлофос, аяқ киім майлары);
- темекі (насыбай) жатады.  
Есірткі қолданатын адамдардың негізгі белгілері
- Адамның дәрілерді жасыруға тырысуы.
- Терісінде көгерген немесе қарайған іздерінің болуы.
- Көк тамырдың үстінде немесе оның айналасында суы жиналғандай іріңнің пайда болуы.
- Солғын, ұйқылы-ояу болу немесе талу, әсіресе денесін қасу байқалса есірткі немесе синтетикалық заттардың көп мөлшерде қабылданғанын көрсетеді.
- Есірткіден алыстатылған немесе қадағаланған кезде бірдеңе жоғалтқандай әрекеттер жасауы.
- Көз қарашықтарының өзгеруі.
- Адамның бос жерге қарап отыруы.
- Отқа ұстап тұру үшін арналған сабы артқа қарай майысқан кішкентай қасық, сабы темірден жасалған қақпақ немесе шприц сияқты қабылдау үшін пайдаланылатын құралдардың болуы.
- Нашақорлардың жаргон тілін білуі.
- Кісінің белгілі уақытта 4-5 сағат сайын басқа жерге кетіп қалуы (есірткі қабылдау үшін).
- Адамдың негізгі мұқтаждықтарынан басқа нәрселерге көп ақша жұмсай бастауы.
- Бұрын сенімді болған бір адамның қылмыс жасап, ұрлық, алдау-арбау, жезөкшелік сияқты жаман істермен айналысуы (есірткі сатып алу үшін).  
Есiрткiнiң зардаптары: Есірткіге тәуелді адамдар өте ашушаң болады. Есірткіні қабылдау уақыты жақындағанда көздері суланып, мұрны ағып, есінеп қасына бастайды.
Есірткінің организмге тигізетін әсері. Есірткі заттар ми және орталық жүйке жүйесіне ең көп зиян келтіреді. Сондықтан миға тәуелді ақыл-ой мен ерік күшіне әсер етіп, адам тепе-теңдік ұстай алмай қауіпті мінез-құлық пен әрекеттерден айрылады. Есірткіге тәуелді адамдар, ең алдымен, жүйке және психикалық ауруларға шалдығады. Ұйқысыздық, жындану, ерте алжып, есінен адасу, ұстамалар (сандырақтау, қисынсыз әрекеттер жасау), галлюцинациялар (бос қорқыныш, елес көру, дыбыстар есту), ұмытшақтық, қысқаша айтқанда психикалық ауытқулар.
- Ас қорыту жүйесінің бұзылуы;
- Бауыр және бүйрек аурулары;
- Көз көруінің нашарлауы;
- Тыныс алу жүйесінің өзгерістері;
- Қан аздық, қанның улануы, қан талшықтарының түрі мен мөлшерінің өзгеруі, қанның ұюы және бұдан туындаған гангрена. Есірткінің ең басты болымсыз жақтарының бірі өлімге апаратын улану болып табылады. Қорытындылай келе нашақорлармен жұмыс жасауда тек маман дәрігер наркологтардың құзырына кірмей барлық халық болып бірігіп, осы аурудың алдын алуымыз керек. Әсерлі шара балалар мен жастарды «Есірткіге қарсымыз!» дейтін дәрежеге жеткізуі қажет. Бұл үшін өздеріне деген сенімдерінің арттырылуы, қиындықтарды жеңе білулері және өздерін өмірге дайындау жөнінде оларға көмек көрсеткен жөн. Есірткі қолданатынын көрсететін белгілерді байқап көріп, кешікпей шаралар қабылдау өте маңызды. Бұл міндеттердің орындалуына мектеп дәрігері, мұғалімдер, мектеп пен жанұяның бірігіп атсалысуының көп пайдасы тиеді.  

Гүлсара Төлегенқызы МҰҚТАРОВА,
"облыстық наркологиялық орталығы”
МКҚК №1 наркологиялық бөлімшесінің мейірбикесі