Нашақорлықтың алдын алу

Нашақорлықтың алдын алуНашақорлықтың алдын алу – бұл есірткілік тәуелділіктің жолын кесуге бағытталған шаралар жиынтығы. Есірткілік тәуелділік егер адам есірткі туралы ойласа, оны белгілі бір сезімдерді бойдан кешіру немесе психикалық жайсыздықты (дискомфортты) жеңу үшін еркінен тыс және тоқтаусыз ұмтылса болады.
Эйфорияға қол жеткізу үшін нашақор моральдық нормаларды белден басып, аттап өтеді, қылмыстық кодексті бұзады, өз отбасын күйретеді. Нашақорға тән жасанды, эгоцентристік қасиет, оның денесі титықтайды және тез ыдырайды. Нашақордың барлық қызығушылықтары тек есірткіні іздеп табу мен тұтыну болғадықтан, оның қатынасу аумағы антисоциалдық адамдардан тұрады.
Шынайы нашақордың достары, жұмысы, отбасы жоқ және ол қоғамға масыл болып кееледі. Сондықтан қоғам тек адамгершілік мақсатта ғана емес, өзінің бақуаттылығы үшін әрқашан нашақор пайызын азайтуға ұмтылады.
Ең қол жетімді және дер кезіндегі қадам - нашақорлықтың мектептегі профилактикасы.      

Кулбарам Оразовна БАЙМАХАНОВА,
"облыстық наркологиялық орталық” МКҚК
қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі  
 
Сурет narcolikvidator.ru сайтынан алынды