Ішімдіктен бас тартқанда адам ағзасында қандай өзгерістер болады?

Ішімдіктен бас тартқанда адам ағзасында қандай өзгерістер болады?© nebolet.com

Ағылшын ғалымдары ішімдіктен бас тартқанда болатын оң өзгерістіерді тізбектеп шықты деп хабарлайды 7sunews.kz.

Егер адам бір ай бойы ішімдіктен бас тартып, алкоголь қолданбаса, бауырының ауырғаны басылып, қан қысымы қалпына келіп, холестерин деңгейі төмендеп, диабет дамуының алдын алады дейді Лондон университеттік колледжінің зерттеушілері.



The Telegraph хабарлағандай, сондай-ақ бір ай бойы ішімдікті татып алмаған адам 2,7 келі салмағынан арылып, ойын жинақтап, зейін қоюын арттырып, ұйқысы жақсарады.



Зерттеуге денсаулығы мықты 40 жастан асқан 102 адам қатысты. Бұған дейін әйел адамдар орташа есеппен алғанда аптасына 29 бірлік алкоголь, ал еркектер — 31 бірліктен қолданып келген.



Еріктілерге төрт апта бойы ішімдік ішпеуге тапсырма берілді. Алдын ала олардың бауырының ахуалы тексерілді (жалпы зақымдануы мен жасушасында пайда болған беріштері).



Зерттеу барысында бауырдың 2,5 пайызға жақсарғаны белгілі болды. Ал инсулиндік тұрақтылық (диабет қаупі) 28 пайызға төмендеді.



Ғалымдар аталмыш тәжірибеге бұрын көрсетілген мөлшерден көп ішімдік ішіп жүргендердің қатыстырылғанын мойындайды.



Мәселен, әйелдер күніне төрт бірліктен артық мөлшерде алкоголь ішіп келген. Ал еркектер үшін дәрігерлер ең жоғары көрсеткіш — күніне 4, әйелдерге — 3 бірлікті белгілеп отыр.

nur.kz