Ресейлік азамат есірткімен ұсталды

Ресейлік азамат есірткімен ұсталдыАстана. 30 қыркүйек. Baq.kz - Қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекарадан жарты келі марихуана өткізбек болған азаматтың жолын кесті деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі
Шекара қызметінің «Солтүстік» өңірлік басқармасының Петропавл шекара отрядына қарасты «Жаңажол» өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары ұстаған адам Ресей Федерациясының азаматы болып шықты.
Шекаралық тексеру кезінде ұсталған ресейліктің үстіндегі күртесінің оң қалтасынан целлофан пакетке оралған жасыл түсті ұнтақ табылды, ерекше иісіне, түр-түсіне қарағанда есірткілік зат - «марихуана». Салмағы 500 грамм.
Ұсталған азамат «Газель» автокөлігімен «Петропавл-Қорған» бағытында жол жүріп бара жатыр екен.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Материалдар Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне берілді.