Н.ИБРАЕВ: «ЕСІРТКІМЕН БІРІГІП КҮРЕСУ КЕРЕК»

Қызылорда облысында есірткімен және заңсыз айналыммен байланысты қылмыс өршіп тұр. Осы қылмыстың жазасы қатал болған сайын есірткі нарығы да белсенді болып отыр. Осы тұрғыда бүгінде бұл қылмыспен күрес қалай жүргізіліп жатқандығы туралы біз облыстық ІІД есірткімен күрес басқармасының басшысы полиция полковнигі Нұрлан Ибраевпен сұхбат жүргізген болатынбыз.
   
- Нұрлан Мейірғалиұлы, Сыр елінде есірткімен күрес жұмысындағы жоспар қалай болып жатыр?
   
- Мемлекеттен бүгінде есірткімен күресу үшін барлық күш жұмсалып, қомақты қаржы да бөлінуде. Қызылорда облысы аумағында үстіміздегі жылдың 8 айында есірткі қылмысы өткен жылмен салыстырғанда өсіп тұр. Департамент қызметкерлерінің күшімен биыл 55 есірткі қылмысы, оның ішінде 19 іс есірткі сату бойынша тіркелді. Заңсыз айналымнан 310 келі, 88 гр есірткі, оның ішінде 38,66 гр героин алып тасталды.
    Егер алынған есірткіні ақшаға айналдырса, онда сенімділікпен есірткі айналымы 83 млн теңгеге немесе жарты миллион долларға есептеледі. «Тұтынушыларға» есірткінің 703 335 мөлшері, оның ішінде 100 000 героин жетпей қалды. Есірткінің бағасы біршама өскен, яғни полиция қызметкерлерінің арқасында көптеген адамның өмірлері сақталды. 28 400 сора бұтасы егілген 21 есірткі алқабының жойылған.
    Бүгінгі күнге облысымызда есірткі тұтынушылардың саны 1578-ге жеткен.
   
- Алдын алу жұмыстар қалай жасалып жатыр? Есірткімен күрес нәтижесі жұмысқа байланысты емес пе?
   
- Есірткі мәселесі жан жақты болғандықтан оның алдын алу шараларымен бүткіл мемлекеттік мекемелер, әкімшілік және қоғамдық бірлестіктер айналысуда. Өңір басшылығымен биыл есірткі мен есірткі бизнесіне 10 млн. 771 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасы материалдық-техникалық базасын жақсарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, конкурс, ірі көлемдегі акциялар, спорттық шаралар және жарнама жасау сияқты алдын алу шараларына жұмсалмақ. Облыс көлемінде 4000 жуық адам қатысқан шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, маусымда облыстық орталық алаңда халықаралық есірткімен күрес күні қарсаңында студенттер, дәрігерлер, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен шаралар ұйымдастырылды. Аталмыш шараны ұйымдастыруға 2 млн теңге бөлінді.
   
- Естуімізше, жастарды есірткіге әдейілеп, әдістерімен тартады екен...
   
- Ия, есірткімен айналысатындардың тексерілген тәсілдері бар. Сол арқылы олар жастарды арбап алады. Оқу орындары жанында жүріп, олар девиантты және керісінше «әлсіз» жастарды тартуға тырысады. Танысу, достастық, бірінші рет тұтынып көру, есірткіні сақтай тұруға тастап, «сақтаушы» өзі пайдаланғанша келмеу, сондай-ақ есірткі сатушы «досының» келесі мөлшерін сұрайтын жағдайға келгенде келеді. Бұл үдеріс – «бомбалау» деп аталады.
   
- Барлығы «кызылординка» деп атап кеткен нашаны әлемдегі ең таза есірткі деп жатады. Оны бізде криминалдар арнайы көшет етіп өсіреді екен. Осы рас па?
 
    - Қызылорда облысының табиғи –климаттық жағдайы ыстық және құрғақ. Сондықтан марихуананың сапасын жоғарылатады. Оның құрамындағы тетрагидроканабинола Шу алқабы мен Ауғаныстандағы өсетін түрлерінен күштірек. Осыған орай, облысымызда ТМД елдері мен солтүстік Қазақстанның есірткі тасымалдаушыларының қызығушылық танытуда. Барлау барысында есірткі өсіретін, қылмыс жиі жасалатын аймақ деп Сарысу жазық даласы Сырдария өзені жағалауы және Қарақұм мен Қызылқұм құмы саналды.
    Барлық дерлік есірткілік сора өсімдігі қалың жыңғыл, сексеуіл және тоғай арасына өсіріледі.
   Биыл көктемде жедел-іздестіру шараларында Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімшесінің қызметкерлерімен 42 жасар аудан тұрғыны есігінің алдына 568 бұта марихуана еккені үшін ұсталды. Тексеру кезінде азамат 2011 жылдан бері есірткі тұтынатынын мойындаған. Айғақтар бойынша, қылмыстық іс қозғалып, үш жыл бас бостандығынан айрылды. Мұндай мысалдар келтіре берсек өте көп. Ал есірткі тасымалымен айналысатындарға келсек, шыны керек, мұндай айғақтарды келтіру қиын. Бірақ біз дәл осы қылмыспен айналысатындардың жазасын алуын мақсат етіп отырмыз.
 
    - Әңгімеңізге рахмет!
   
Шынар БЕКБАН
http://kyzylorda-news.kz/bizsuhbat/1108-nibraev-esrtkmen-brgp-kresu-kerek.html