Шекарадан ірі көлемде есірткі алып өтпек болған үш азамат қолға түсті

Шекарадан ірі көлемде есірткі алып өтпек болған үш азамат қолға түсті Астана. 21 қазан. Baq.kz - Қазақстандық шекарашылар ірі көлемдегі есірткі заттарын өткізбекші болған азаматтарға қатысты екі деректің жолын кесті.
Бірінші жағдайда ол 26 кг «героинды» құраса, екінші дерек бойынша 4 килоға жуық «гашиш» алынды деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі
Еліміздің солтүстік шебін күзетіп жүрген шекарашылар шағын көлемдегі 48 түйіншекке салынған, ал жалпы салмағы 25 келі болатын есірткі заттарын әкетіп бара жатқандарды ұстады. Тексеру кезінде «героинды» жасырғандардың біреуі Ресей Федерациясының, ал екеуі Қырғыз Республикасының азаматтары болып шықты.
Шекарадан ірі көлемде есірткі алып өтпек болған үш азамат қолға түсті Ірі көлемдегі есірткі заттары «Тоета РАВ-4» автомобилінің «табалдырығынан» табылды. Машинаға жүргізілген жөндеу жұмыстары, оның ішінде жаңадан жапсырылған «шпатлевка» бірден күдік туғызды. Осындай жерлерді мұқият қараған кезде өзіндік иісі бар ұнтақ табылды.
Оңтүстіктегі қазақ-қырғыз шекарасының сақшылары «Мерседес-Бенц» автокөлігін мініп келе жатқан 49 жастағы айыр қалпақты азаматты ұстады.
Машинаның «бамперін» қарау кезінде «скотчпен» байланған 36 түйіншек табылды. Оларды ашып, тексерген кезде оның бір келідей «героин», ал төрт келісі «гашиш» болып шықты.
Аталған деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.