Петропавлда есірткі тасымалдаған Ресей азаматы ұсталды

Петропавлда есірткі тасымалдаған Ресей азаматы ұсталдыАстана. 4 қараша. Baq.kz – Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері «Новосибрск-Белгород» бағытындағы жолаушылар поезы Петропавл станциясына тоқтап тұрған кезде 39 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Ол есірткі тасымалдады деп айыпталуда. Бұл жайында Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Тексеру барысында күдіктіден контейнер түрінде скотчпен оралған 21 түйіншек табылып, тәркіленіп алынды. Ұсталған азамат оларды арқасына жапсырып алған. Тәркіленген «гашиштің» салмағы 349,56 граммды құрап отыр. Бұл аса ірі көлемдегі есірткі заты болып есептеледі.
Күдіктінің айтуынша, есірткі затын ол жеке басына қолдану үшін Жамбыл облысы Шу қаласындағы белгісіз ер азаматтан алып, оны РФ Нефтеюганск қаласына өзімен бірге өткізбекші болған.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 250 бабының 4 бөлімі (Өте ірі мөлшердежасалған, есірткі немесе психотроптық заттарға байланысты әрекеттер) және 259 бабының 1 бөлімі (Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз өте ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.