Шудан ОҚО-ға есірткі тасымақ болған шымкенттік тұрғын ұсталды

Шудан ОҚО-ға есірткі тасымақ болған шымкенттік тұрғын ұсталдыАстана. 18 қараша. Baq.kz – Жамбыл облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің мамандары Айша-бибі бекетінде шымкенттік азаматты қолға түсірді. Ол Шу алқабынан Оңтүстік Қазақстан облысына есірткі затын тасымалдамақ болған.
Полицейлер "Фольксваген" маркалы шағын көлікті тоқтатып, оны тексеру барысында, алдыңғы орындықтың еденінен күдікті сөмке байқаған. Қарау барысында, оның ішінде скотчен оралған қағаз орама шығыпты. Яғни, күдікті қағазға есірткі заттарын жасырып өтпек болған. Тексеруде белгілі болғаны, сөмке ішінде салмағы 9 кг 880 грамм болатын «кептірілген марихуана» мен 10 грамм 540 милиграмм есірткі заты жасырылған.
Күдікті тұлға есірткі заттарын жеке өзі пайдалану үшін Шу алқабында даярлап жинап, оны Оңтүстік Қазақстан облысындағы үйіне апара жатқандығын айтып отыр. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.