Қосымша тәуелділік туралы

Психикалық белсенді заттарға (ПБЗ) тәуелді адамдардың отбасы мүшелерінде де, туыстарында да сол заттарға қосымша тәуелділік белгілері болады. Олар наркологиялық кеселге шалдыққан адамдардың жағымсыз қылығынан жапа шегеді. Мұндай науқастармен отбасында бірге өмір сүру кейде мүмкін емес жағдайға келеді. Сол себепті сырқаттардың кейбірінен ұзақ уақыт "құлақ тыныштығын" ойлап, наркологиялық стационарға ұзақ мерзімге жатқызғанша асығады. Бір айта кетерлігі, ПБЗға қосымша тәуелді адамдарға да психологтың, психотерапевтің көмегі қажет. Сол есте болсын.