ОҚО-да 8-нші сынып оқушысы өзіне қол салды

ОҚО-да 8-нші сынып оқушысы өзіне қол салдыОңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Көлкент ауылында 8-сынып оқушысы Баршынай Махмутханова өзіне-өзі қол жұмсап, асылып қалды. Өлер алдындағы қолхатында ол мектеп мұғалімі Гүлнәр Оспаналиеваны кінәлап, осындай жағдайға жеткізгегін жазып кетеді.
 
Бір жылға созылған тергеу аяқталып, іс сотқа өтсе де, әділ шешім шықпай қалуы мүмкін деп есептейді марқұмның туыстары.
Көлкенттік сегізінші сынып оқушысы Баршынай Махмутханова кешқұрым өрістен мал келетін уақытта өзінің ұстазы, ағылшын тілінің мұғалімі Гүлнарды кезіктіреді. "Мазаңыз қашып тұр ма, түріңіз қап-қара болып кетіпті" деген қыздың сөзіне қарсы дөрекі сөздер жаудырған ұстаз жасөспірімнің бетіне түкіріп, қолындағы таяғымен аяусыз сабаған көрінеді.
Сол күні асылып өлген қаршадай қыздың анасына жазып қалдырған хаты мына мазмұнда: "Ана, ешкім түсінбесе де, сіз ғана мені түсіне аласыз! Өзіме өзім қол жұмсауыма себеп әрі кінәлі Гүлнар апай, мен сол үшін осылай өмірден кетіп барамын. Ол мені жоқтап келер болса, үйден қуып шығыңыз, бетіне түкіріп жіберіңіз, маған түкіргендей. Егер олай етпесеңіз, мен разы болмаймын".
"Біз жәбірленіп тұрмыз. Мал жоғалтып барған жоқпыз. Адам жоғалтып бардық. Қайтарып бер деп тұрған жоқпыз. Қазақстан Республикасы заңымен оған шара көрілсін деп барып жатырмыз. Соны олар тыңдамай жатыр бізді. Район бізбен жұмыс істемейді. Енді болды. Енді областнойға істейміз", - дейді марқұмның әжесі Махаббат Абдуллаева.
Ал полиция ұстазға қатысты "Кісіні өзін-өзі өлтіруге итермелеу" дерегімен қылмыстық іс те қозғапты. Алайда, бостандықта жүрген айыпталушы жәбірленуші тарапқа мектепке қайта кіргелі жатқанын мақтанышпен айтып жүргенге ұқсайды.
"Біз қашан, бір жылдан бері соны қашан шара көреді деп күтіп отырмыз. Әне, міне, әне, міне, барады, келеді. Әлі шара көрген жоқ. Қайтадан бұл әйел мектепке кіремін деп жүгіріп жүр", - дейді марқұмның туысы Рано Ташниязова.

Қайтыс болған оқушы қыздың туыстары алдымен тергеуге, кейін қадағалаушы орган - прокуратураға бірнеше мәрте шағым келтірген. Бір адамға айып тағу үшін бес мәрте тергеуші ауысып, прокуратура да істі бес рет қосымша тергеуге қайтарғанын айтады. Ендігі жерде сот отырысының да бесінші мәрте істі кейінге шегеруі бізді қатты толғандырып отыр дейді жәбірленушінің туыстары.
Ал, аудандық соттағылар болса, қылмыстық іс қарауға енді ғана келіп түскенін, созбалаңға салынбағанын айтады. Заңда көзделген мерзім бар, сол уақытта біржақты шешімге келетін боламыз деп отыр.  

Сот басшылығы жәбірленуші тараптың мұндай наразылығы орынсыз, олардың күмән келтіруіне еш негіз жоқ дегенді алға тартады. Ал, марқұмның туыстары бесінші мәрте кейінге шегерілген сот отырысына қатысты уәждерін облыстық сотқа шағым ретінде тапсыратынын жеткізді.   
 
http://news.nur.kz/327232.html
Источник: 31 канал

Қайтыс болған оқушы
 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Көлкент ауылында 8-сынып оқушысы Баршынай Махмутханова өзіне-өзі қол жұмсап, асылып қайтыс болған болатын. Өлер алдындағы қолхатында ол мектеп мұғалімі Гүлнәр Оспаналиеваны кінәлап, осындай жағдайға жеткізгегін жазып кетеді. Бір жылға созылған тергеу аяқталып, іс сотқа өтсе де, әділ шешім шықпай қалуы мүмкін деп есептейді марқұмның туыстары.  

Көлкенттік сегізінші сынып оқушысы Баршынай Махмутханова кешқұрым өрістен мал келетін уақытта өзінің ұстазы, ағылшын тілінің мұғалімі Гүлнарды кезіктіреді. «Мазаңыз қашып тұр ма, түріңіз қап-қара болып кетіпті» деген қыздың сөзіне қарсы дөрекі сөздер жаудырған ұстаз жасөспірімнің бетіне түкіріп, қолындағы таяғымен аяусыз сабаған көрінеді туыстарының айтуынша. Сол күні асылып өлген қаршадай қыздың анасына жазып қалдырған хаты мына мазмұнда: "Ана, ешкім түсінбесе де, сіз ғана мені түсіне аласыз! Өзіме өзім қол жұмсауыма себеп әрі кінәлі Гүлнар апай, мен сол үшін осылай өмірден кетіп барамын. Ол мені жоқтап келер болса, үйден қуып шығыңыз, бетіне түкіріп жіберіңіз, маған түкіргендей. Егер олай етпесеңіз, мен разы болмаймын".

МАХАББАТ АБДУЛЛАЕВАмарқұмның әжесі:
Біз жәбірленіп тұрмыз. Мал жоғалтып барған жоқпыз. Адам жоғалтып бардық. Қайтарып бер деп тұрған жоқпыз. Қазақстан Республикасы заңымен оған шара көрілсін деп барып жатырмыз. Соны олар тыңдамай жатыр бізді. Район бізбен жұмыс істемейді. Енді болды. Енді областнойға істейміз.

Ал полиция ұстазға қатысты «Кісіні өзін-өзі өлтіруге итермелеу» дерегімен қылмыстық іс те қозғапты. Алайда, бостандықта жүрген айыпталушы жәбірленуші тарапқа мектепке қайта кіргелі жатқанын мақтанышпен айтып жүргенге ұқсайды.
 
РАНО ТАШНИЯЗОВА, марқұмның әпкесі:
Біз қашан, бір жылдан бері соны қашан шара көреді деп күтіп отырмыз. Әне, міне, әне, міне, барады, келеді. Әлі шара көрген жоқ. Қайтадан бұл әйел мектепке кіремін деп жүгіріп жүр.

ЕРЛАН ҚУАНДЫҚОВ, тілші:  
Қайтыс болған оқушы қыздың туыстары алдымен тергеуге, кейін қадағалаушы орган - прокуратураға бірнеше мәрте шағым келтірген. Бір адамға айып тағу үшін бес мәрте тергеуші ауысып, прокуратура да істі бес рет қосымша тергеуге қайтарғанын айтады. Ендігі жерде сот отырысының да бесінші мәрте істі кейінге шегеруі бізді қатты толғандырып отыр дейді жәбірленушінің туыстары.

Ал, аудандық соттағылар болса, қылмыстық іс қарауға енді ғана келіп түскенін, созбалаңға салынбағанын айтады. Заңда көзделген мерзім бар, сол уақытта біржақты шешімге келетін боламыз деп отыр.   

САБЫР МЕЙРАМБАЕВ, Сайрам аудандық сотының баспасөз хатшысы:
Іс Сайрам аудандық сотына енді келіп түсті. Судья Шетеновтың өндірісіне қабылданды. Қылмыстық іс бойынша әлі қандай-да бір шешім қабылданған жоқ. Қаралу үстінде.

Сот басшылығы жәбірленуші тараптың мұндай наразылығы орынсыз, олардың күмән келтіруіне еш негіз жоқ дегенді алға тартады. Ал, марқұмның туыстары бесінші мәрте кейінге шегерілген сот отырысына қатысты уәждерін облыстық сотқа шағым ретінде тапсыратынын жеткізді.    

Ерлан ҚУАНДЫҚОВ, Ержан Сейдәзімов.
 
- See more at: http://www.31.kz/video/show/id/3589/model/Video/show/vi#sthash.ZYzWZ6MZ.dpuf