Жыл сайын 800 мың адам өзіне қол жұмсап қайтыс болады

Жыл сайын 800 мың адам өзіне қол жұмсап қайтыс боладыАстана. 4 қыркүйек. Baq.kz – Жыл сайын әлемде шамамен 800 мың адам өзіне қол жұмсап қайтыс болады. Бұл жайында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары мәлімдеп отыр.
 
Жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 15-29 жас аралығындағы өлім жітімнің көп бөлігі осы суицидтің салдарынан орын алады екен. Дегенмен, өзіне қол салатын адамдардың басым көпшілігі жасы 70-тен асқан қариялар болып отыр.
Ер азаматтардың суицид жасауы әйелдерге қарағанда үш есеге көп. Сондай-ақ, барлық суицид оқиғаларының төрттен үш бөлігі экономикалық даму деңгейі төмен елдерде орын алады екен.