ОҚУШЫ НЕГЕ ӨЛДІ?

ОҚУШЫ НЕГЕ ӨЛДІ?Көкшетауда 17 жасар колледж студенті өзіне-өзі қол салды. Оқиға бүгін түнгі сағат 03:51 шамасында орын алған. Облыс орталығындағы бухгалтерлік-экономикалық колледждің 1 курс студенті туыстарының пәтеріндегі жуыну бөлмесінде асылып қалған.
 
Бұл туралы құқық қорғау органдарына марқұм болған қыздың әпкесі хабарлаған. Оның айтуынша, 1996 жылы туылған қыз Жарқайың ауданы Восточное селосынан Көкшетауға оқуға келген екен. Бойжеткен сол күні жігітімен келіспей қалған көрінеді. Суицидке сол себепті баруы мүмкін деген болжам бар. Қазіргі кезде аталған іс бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.
 
Дуанабай Жолдасбек
http://www.aikyn.kz/news/view/57100