Өлімге асыққандар саны артуда

Өлімге асыққандар саны артудаАйқын - ақпарат

Қазақстан суицид деңгейі ең жоғары 20 елдің қатарында оныншы орында тұр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жанар Бұқанова мәлімдеді.
Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және ЮНИСЕФ деректеріне сәйкес, Қазақстан суицид жиілігі жүз мың адамға шаққанда 15 оқиға құрайтын елдердің қатарына кіреді.
Өз-өзіне қол жұмсау фактілері, көбінесе 15-19 жас аралығындағы бозбалалар мен бойжеткендер арасында кездеседі.
2012-2013-жылдары Қазақстан бозбалалар өлімі бойынша екінші орында, ал бойжеткендер өлімі бойынша - бірінші орында болған.
"Қазақстанда 15-19 жас аралығындағы 31 мыңнан астам жасөспірім өзіне-өзі қол салу салдарынан ажалынан бұрын өлген. Бүгінде осы жастағы бойжеткендер мен бозбалалар арасындағы суицид Түркия мен Қазақстанда жиі кездеседі. Қайғылы оқиғалардың көп жағдайлары балалардың алкогольдік ішімдіктерді тұтынып, нашақорлыққа берілуінен болып жатады", - дейді "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жанар Бұқанова.
Ал жасөспірімдердің өзіне неліктен қол салып жатқанына италиялық мамандар зерттеу жүргізіп көрген.
Шетелдік психологтар, суцидтің шектен тыс артуын нан табудың қамымен кеткен ата-аналардың балаларымен ашылып сөйлеспейтінінен көріп отыр. Орта есеппен, әрбір әке-шеше ұл-қызына күніне 20-ақ минут уақыт бөлетін болып шықты. Бұл жасөспірімнің оқшауланып өмірге бейімделе алмауына әкеліп соңы қайғылы жағдаймен аяқталады екен. Ал жарты жыл ішінде елімізде 100-ден астам ұл-қыз өзіне қол салып бақилық болған.
 
КТК арнасы.
 
http://aikyn.kz/articles/view/57972