ҚР ІІМ насыбайға тиым салмайды

ҚР ІІМ насыбайға тиым салмайдыАстана. 26 маусым. Baq.kz – Бұл жайында бүгін Астанада өткен баспасөз мәжілісінде Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы Анатолий Выборов мәлімдеді деп хабарлайды Қазақпарат. 
"Насыбай есірткі заты болып есептелмейді. Ол темекі өнімі. Бірақ, әрине ішінде қоспалары бар" деді Выборов.
Оның айтуынша, жастар мен жасөспірімдерге насыбайдың неден жасалатынын ашық айтып, түсіндіру қажет. Мәселен, оның құрамында тауықтың тезегі бар екенін білген адам насыбайды аузына салмас еді деді ол.
"Насыбай есірткі заттарына жатпағандықтан оның өндірісіне тиым салынбайды" деп сөзін қорытты комитет төрағасы.