Ғалымдар кей кішкене балалардың не себепті ашушаң болатынын анықтады

Ғалымдар кей кішкене балалардың не себепті ашушаң болатынын анықтадыАСТАНА. ҚазАқпарат - Франциядағы Денсаулық сақтау және медициналық зерттеулер институтының мамандары бірқатар тәжірибе жүргізіп, жақындарының темекі тартуы балалардың агрессивті қылығының дамуына себеп бола алатынын байқады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Зерттеушілер темекі түтіні баланың денсаулығымен бірге оның қылығына әсер етеді деп санайды.

Тәжірибеге шамамен бес мың оқушы қатысты. Мамандар әйелдердің жүкті болған кезінде және одан кейін темекі шегуі жағдайларын ескерді. Темекі түтінін жұтқан балаларда жоғары эмоционалдық тұрақсыздық аңғарылды.

Әсіресе, екіқабат болғанда және босанғаннан кейін де теріс әрекеттен арылмаған аналардың балалары көбірек зардап шегеді. Бұл баланың агрессивті болуына ықпал етеді. Ғалымдар жақындарының темекі шегуі және оның түтінін баланың жұтуы оларды агрессияға және эмоционалдық тұрақсыздыққа итеретін жағымсыз факторлардың тізіміне ресми түрде енгізуді ұсынды.

Фотоwww.aif.ru

http://inform.kz/kaz/article/2826777