Елорда дәрігерлері темекінің зиянды әсері және өкпе ауруы туралы жалпыға арналған тегін ғылыми кеңес беруді ұйымдастырды

Елорда дәрігерлері темекінің зиянды әсері және өкпе ауруы туралы жалпыға арналған тегін ғылыми кеңес беруді ұйымдастырдыАСТАНА. ҚазАқпарат - 18 қарашада Астанадағы № 1 қалалық аурухана базасында Дүниежүзілік созылмалы обструктивті өкпе ауруларына (СОӨА) қарсы күрес күні өтеді. Шара барысында елордалық белгілі пульмонолог дәрігерлер науқастарға кеңес беріп, дәрігерлер үшін дәріс оқиды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайтында.

Кеңес алуға және дәріс тыңдауға қызығушылық танытқандарға № 1 қалалық емханаға тегін жол жүру ұйымдастырылған. Автобустар келесі медициналық мекен жайлардан қатынайды:

1) № 5 қалалық емхана (Ақан сері көшесі, 20) 11-ден 11:30-ға дейін;
2) № 4 қалалық емхана (Шевченко көшесі, 1) 11-ден 11:30-ға дейін;
3) «Шапағат» АМСК Орталығы (Абылай хан даңғылы, 30) 11-ден 11:30-ға дейін

Айта кетейік, аталған акцияның мақсаты - ауру туралы мәліметтерді кеңінен арттыру, науқастарға көрсетілетін көмекті жақсарту, темекіге тәуелділіктің таралуын төмендетуге әсер ету, темекіге қарсы күреске халықтың барлық топтарын тарту, темекі шегудің алдын алу және темекінің ағзаға зиянды әсері туралы қоғамды ақпараттандыру.

http://inform.kz/kaz/article/2840211