Көлікте темекі шегуге тыйым салынды

Көлікте темекі шегуге тыйым салындыАСТАНА. ҚазАқпарат - Латвия министрлер кабинеті «Темекі өнімдерінің айналымы туралы заңды» мақұлдады, осы заң аясында жеке көлік салонында темекі шегуге тыйым салынады, деп хабарлайды Би-би-си.

Енді құжат парламентте қаралады. Әрі Латвия денсаулық сақтау министрлігі темекіге қарсы нормаларды қатаңдатуды қолға алмақшы.

Көліктен басқа, медициналық және әлеуметтік мекемелер ғимараттарында темекі шегуге тыйым салынған. «Бұрын бұл мекемелерде темекі шегуге арналған арнайы орынға рұқсат болған, енді оған да тыйым салынды», - деді Латвия денсаулық министрі Г. Белевич.

http://www.inform.kz/kaz/article/2851051