Темекі қант диабетіне шалдықтырады

Темекі қант диабетіне шалдықтырадыАСТАНА. ҚазАқпарат - Темекі шегетіндердің дені семіріп кетуден қорқып, оны қоя алмайды. Алайда, темекі шегу қант диабеті мен жүрек-қан тамыры ауруларының тууына себеп болатын майдың жиналуына әкеледі. Мұны Глазго Университетінің ғалымдары анықтады.

Осы ғылыми зерттеу жұмысы үшін мамандар 150 000 адамның ақпаратын қарастырып, 29 зерттеу жұмысын жүргізген.

Сарапшылар ғылыми жұмысқа қатысушы еріктінің қаншалықты жиі темекі шегетінін саралады. Сондай-ақ, олар қатысушылардың салмағы мен белдерінің өлшемін де зерттеді, деп жазды The Daily Mail.

Ғалымдар темекі шегетіндердің салмағы төмен, алайда белдерінің өлшемі темекіні пайдаланбайтындардікіне қарағанда үлкен болғанын анықтады.

«Темекі шегетіндерде май іште жиналады. Сондықтан, оларда қант диабеті пайда болу қаупі жоғары», деген тұжырым жасалды.

http://inform.kz/kaz/article/2863014