УЫТҚҰМАРЛЫҚ ТУРАЛЫ

УЫТҚҰМАРЛЫҚ ТУРАЛЫҰшпалы көмірсутектерін тұтыну оқиғалары туралы алғашқы хабарламалар медициналық мұрағаттарда ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды. Алайда ХХ ғасырдың 50-ші жылдарына дейін есеңгіреу мақсатында ингалянттарды жеке, негізінен жасөспірімдердің тұтынуы сипатталып жазылған. 50-ші жылдың соңынан бастап тұрмыстық және өнеркәсіптік химия бұйымдарын токсикалық мастануды иелену үшін қолдану солтүстік америкалық және европалық елдерде тарай бастады, ал 60-шы жылдардың басында уытқұмарлықтың (токсикоманияның) бұл түрінің «індеті» («эпидемиясы») жасөспірім жасындағы тұлғалар арасында сипатталып жазылды.
Мастануды шақырушы бұйымдар ретінде өнеркәсіп сұйықтарын кең көлемде қолдану алғашқы рет Калифорния жасөспірімдерінің арасында байқалып, одан соң ол АҚШ-ның барлық штаттарына тарай бастады. Одан әрі жасөспірімдердің органикалық ерітінділерді иіскеумен әуестенуі Европаға ауысты.
Біздің елде ингалянттарды, алдымен дақ кетірушілерді, одан соң бензинді, әрі қарай желімнің әр түрлі сорттарын, ацетонды, әр түрлі лактар мен бояуларды шектен тыс тұтыну соңғы кездері басталды.
Уытқұмарлық көбіне жастар арасында тараған. Иіскеуді шектен тыс қолдану 9-10 жастан басталады, негізгі топты 12-15 жастағы балалар мен жасөспірімдер құрайды. Ересек жастағы тұлғалар мен ересектерге уытқұмарлықтың мұндай түрі тән емес.
Уытқұмарлық дамудың төменгі деңгейіндегі ортада болып келеді. Көбіне ұшпалы ерітіндіні затқа батырылған мақта немесе мата бар орамадан (қағаз, пластик) иіскейді. Бензин мен басқа салыстырмалы ұшпалы ерітінділер қандай да бір сиымдылықтан тікелей иіскелуі мүмкін, немесе олардың жоғары бөлігі қиылған пластикалық бөтелкелерден, мәселен жуу немесе ағарту бұйымдарының бос қауашақтарына құйылып, одан соң буларының иіскелуі ықтимал.
Уытқұмарлықта жасөспірімнің мінез-құлқы өзгереді, оның оқуы, отбасы екінші орынға ығыстырылады. Алғашқы апталардың бойында-ақ өзін бақылау жоғалады, жасөспірімдер бірбеткей, озбырға айналады, үйден қашады, жиі төбелеседі, әр түрлі қылмыстарға (ұрлық, зорлық, тонау) баруы мүмкін.
Жүйелі түрде 2-3 ай тұтынғаннан соң интеллектуалдық төмендеу көзге түседі. Пациенттер әңгімелесушіге қызығушылық танытпайды, тіпті жеңіл деген әр түрлі тесттерді орындауға қабілеті жетпейді. Психикалық қызметі жұтаң тартады. Айтқан әңгімелері мардымсыз, бір тегіс, қайталаумен, олигофазалық. Оқиғалық бақылау жоғалады.
Ұшпалы ерітінділерді (ҰЕ) иіскеу қоғамдық орындарда, мектепте өтуі ықтимал. Интоксикациядан тыс науқастар дел-сал (апатиялы), ризашылығы жоқ, тұнжыр, озбыр. Орталық нерв жүйесінің ошақтық зақымдану белгілері, диэнцефалдық және пирамидалық симптоматика айқындалады.
Толуолдан және шақпаққа арналған этилдік бензиннен болған уытқұмарлық барынша қатерлі өтеді. Бұл жағдайда дерт суреті (картинасы) тетраэтилқорғасынмен улану клиникасына сәйкес келеді.
Сырқаттардың сыртқы түрі жүдеулікпен, бозарумен, санитарлық салақтықпен сипатталады.
Нашақорлықтың бұл түріндегі кесел болжамы (прогнозы) барынша қолайсыз, 1,5 жыл бойына пациенттің мүгедек болуына жетелейді.

Кульзира Амангельдиевна НАБИЕВА,
"облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК,
№4 наркологиялық аймақ нарколог дәрігері

Сурет www.medclub.ru сайтынан алынды