Тұрмыстық және өндірістік химиялық бұйымдардың уытқұмарлығы

Тұрмыстық және өндірістік химиялық бұйымдардың уытқұмарлығыБұл кесел балалар мен жасөспірімдер арасында жиі байқалады. Әдетте олар бензинді, дақ кетіргіштерді, желімді, бояу мен лактарды еріткіштерді, иіс жаңартушыларды (дезодоранттарды), ацетонды және басқаларын қолданады. Оларды шарт бойынша иіскеп, яғни ингаляциялық жолмен ішке енгізеді. 
Бұл бұйымдармен жедел уыттану дамуында бірнеше фаза ажыратылады. 
Бірінші фаза организмнің уыттық затқа бейімделуімен сипатталады. Ол көрсетілген заттардың буларын алғашқы әлденеше рет ішке енгізуден соң дамиды, одан соң бас айналу, жалпы әлсіздік, жүрек соғуы, көздегі ауыру пайда болады, қозғалыс үйлесімділігі бұзылады. 
Екінші фаза – эйфория фазасы науқас заттардың теріс әсеріне қарамастан (бірінші фазадағы) оны ішке тыныстауын жалғастырған жағдайда туындайды. Бұл жағдайда жағымсыз сезімдер эйфориямен – бейқамдықпен, бақуаттылықпен, жайлылық сезімімен аумасады. Сырқаттың ән салғысы, билегісі, көңілендгісі келеді. Өмірдің барлық ауыртпалығы артқа жылжиды.
Заттарды одан әрі ингаляциялауда үшінші фаза – есеңгіреу жай-күйі пайда болады. Бұл кезде бірінші планға сананың әр түрлі дәрежедегі бұзылыстары шығады – сананың обнуляциясынан (нолге айналуынан) оның терең тежелуіне дейінгі. Бұл кезде айналадағы болмыс бұлыңғыр, "тұмандағы сияқты” болып қабылданады, ойлау үдерісі тежеледі, қоршаған заттарды қабылдау өзгереді, орыннан, уақыттан шатасу пайда болады.
Төртінші фазада делириоздық және онероидтық бұзылыстар туындайды. 
Делириоздық синдром әсем көру, кейде есіту галлюцинацияларының тасқынымен ерекшеленеді. Бұл кезде уытқұмар алаңдалуы, мазасыз, жалған ізге түсушілерден жасырынады; "жаулардан” қорғанып, терезеден, балконнан, шатырдан секіруі мүмкін және с.с.
Онероидтық бұзылыстарда делирийдегі сияқты анық психомоторлық бұзылыстар болмайды. Алайда мұндай иллюзорлық-галлюцинаторлық күйзелістер барынша жарқын білінеді. Науқастар фантастикалық сахнаға ұқсас, "калейдоскопиялық” галлюцинацияларды, мұңға ұқсас күйзелістерді бойдан кешіреді.
Уытты затты қабылдауды (иіскеуді) тыйған сәттен бастап уыттану бұзылыстарының кері дамуы басталады. 2-3 минуттен соң галлюцинаторлық құбылыстар жоғалады. Бағдарлану және қозалыс үйлесімділігі қайта қалпына келеді, бейқамдық жоғалады. Оның орнына бас ауруы, жүрек айнуы, құсу, жалпы әлсіреу пайда болады. Кейбір жағдайларда ентігу және бет цианозы кездеседі. Қалдық құбылыстар бірнеше сағаттан соң жойылады. Ауыр жағдайларда науқастар бірнеше күн бойына жалпы әлсіздік, апатия, көңіл-күй төмендеуін, ауыздағы жағымсыз дәмді, зәрге шығу қиындығын, шөлдеуді бастан кешіреді.       

Анар Жанахметқызы ТУЛЕНОВА,
"облыстық наркологиялық орталық”
МКҚК нарколог дәрігері  

Сурет http://www.mayaplanet.org/ сайтынан алынды