Нашақорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар

2-05-2017, 16:38 Жаңалықтар

 

Ағымдағы жылдың 15 наурызда облыс әкімі Көшербаевпен бекітілген «Есірткісіз болашақ!» атты жобаны іске асыру мақсатында, 11-15 сәуір аралығында Қызылорда қаласындағы техникалық және кәсіптік колледж студенттерімен және олардың ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге облыстық прокуратурасының прокуроры, облыстық ІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы күресу басқармасының қызметкерлері және облыстық наркология орталығының бас дәрігерінің орынбасары Г.Сейілханова қатысты.

Кездесу барысында сала мамандары қоғамдық санада есірткіге қарсы иммуниттеті қалыптастыру – бүгінде маңызды мәселеге айналып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар студенттер арасында құқық бұзушылықтың, суицидтің және есірткіқұмарлықтың алдын алу мақсатында профилактикалық тексеру жұмыстарының маңыздылығы түсіндірілді. Облыстық наркология орталығының мамандары белгілеген мерзімде облыс орталығында орналасқан үш кәсіптік колледждің жоспарланған 687 студенттің 641 –ін тесте-тілімше арқылы профилактикалық тексеруден өткізді, 93,3 % құрады.

 

Нашақорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар

 

Аты жөні:*
E-Mail:
Пікірлер:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Кодты енгізіңіз: *