2 наркологиялық бөлімше

8-04-2014, 12:36 Бөлімшелер
2 наркологиялық бөлімшеБөлімше ұжымы 2 наркологиялық бөлімше
 
 
 
 
 

 
 
 

 
2 наркологиялық бөлімше Бөлімше аға мейірбикесі Каркынбаева Жанагул Өмірсерікқызы

Каркынбаева Жанагул Өмірсерікқызы 1976 жылы 30 наурызда Қызылорда обылысы Арал ауданы Сазды елді мекенінде дүниеге келді.№60 Сазды орта мектебін 1983-1993 ж аралығында бітірді.1993ж-1996ж аралығында Қызылорда медициналық училищесінің «Акушерлік іс» бөлімін қызыл дипломмен бітіріп,2000жылы Обылыстық наркологиялық орталығының №2 нашақорлық бөліміне мейірбике болып жұмысқа қабылданды.Бұл бөлімде 2000ж-2015ж аралыгында мейірбике қызметін атқара жүріп,2007ж-2015ж аға мейірбике міндетін атқарушы болды. 2015ж №1 бөлімде аға мейірбике қызметінде болды.2016 жылдың қыркүйек айынан бастап №2 ерікті емдеу бөлімшесіне аға мейірбике қызметіне ауыстырылып,қазіргі таңда осы бөлімшеде еңбек етіп келеді.Біліктілігі І санатта.Жанұялы,отбасында 4 бала тәрбиелеп отырған көп балалы ана.


2 наркологиялық бөлімше Бөлімше психологы Айбусинова Динара Болатқызы

Айбусинова Динара Болатқызы 2008 ж Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген практикалық тәжірибесі бар психолог маманы. Сол жылдан бастап облыстық наркологиялық орталығында № 2 есірткіден ерікті емдеу бөлімшесінде жұмыс атқарып келеді. 2008-2015 жж жауапты маман ретінде «Сенім телефонына» түскен қоңырауларға наркологиялық орталығының емі және тұрғындарды басқа да толғандыратын сауалдарға мәлімет беру, нашақорлық, маскүнемдык дертін дер кезінде алдын алу шарасына атсалысып келуде. Жеке кеңес, отбасылық кеңес, психологиялық диагностика, психологиялық түзету, наркологиялық орталығында науқастардың арасында әлеуметтік және психологиялық тренингтер, сондай-ақ студенттер мен оқушылар арасында есірткіге құмарлық пен маскүнемдiктiң алдын алу біліміне ие. 2009 жылы Қызылорда қаласында психологтар үшін «Нашақорлықтың және АҚТҚ / ЖҚТБ-ның алдын алуда интерактивті оқыту әдісі» тақырыбында семинарға қатысты. 2010 жылы «Клиникалық психодиагностика» бойынша психология және психотерапия институтында біліктілігін арттырды. Республикалық ғылыми-практикалық орталығында «Наркологиялық тәжірибеде зиянды әдеттерді төмендету бағдарламалары» бойынша семинар-тренингтен өтті. «Азаматтық Альянс» ассоциациясынан «Арылу» Қызылорда қоғамдық қауымдастығының еріктілерімен жемісті еңбек атқарғаны үшін алғыс хатымен маратапатталған. Облыс халқының денсаулығын жақсартуда нашақорлықтың алдын алу үшін екінші бағытта үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс атқаруда .

 Қолданылатын әдістер:

·Жеке сұхбат

·Отбасылық сұхбат

·Психодиагностика және компьютерлік тесттеу

·Проективтік әдістемелер

·Арттерапиялық әдістемелер

·Әлеуметтік-психологиялық тренинг

·Науқастар арасында іс-шаралар өткізу