4 наркологиялық бөлімше (арнайы емдеу-алдын алу мекемесі)

8-04-2014, 12:36 Бөлімшелер
4 наркологиялық бөлімше (арнайы емдеу-алдын алу мекемесі)Бөлімше меңгерушісі Сахова Жанна Бахтиярқызы
 

Сахова Жанна Бахтиярқызы 22.04.1975ж Алматы қаласында дүниеге келген.1982-1992 жылдары №50 қазақ орта мектебінде білім алған.1992 жылы Алматы қаласындағы №9 мектеп интернатта медицинаға дайындайтын сыныпта оқып білім алған.1992-1998 жылдары Алматы қаласындағы Мемлекеттік Медицина Университетінде балаларды емдеу факультетінде оқып,диплом алған.Алғашқы жұмысын1999 жылы Қызылорда каласының Облыстық Наркология Орталығында дәрігер нарколог болып бастаған.Жұмыс өтілімі 16 жыл 8 ай.Қазіргі кезде Облыстық Наркология Орталығында №4 еріксіз емдеу бөлімшесінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс атқарады.

 


4 наркологиялық бөлімше (арнайы емдеу-алдын алу мекемесі)Бөлімше аға мейірбикесі Рая Абдықалыққызы КЕРИМОВА
 

Бөлімше аға мейірбикесі Рая Абдықалыққызы КЕРИМОВА Қызылорда облысы, Арал ауданы, «Райым» ауылында туған. 1976 - 1980 жылдары Қызылорда медициналық колледжін бітірген. 1980- 2002 жылдары Қызылорда қалалық ауруханасының жан сақтау бөлімінде анестезистка болып қызмет атқарды.
2002 жылдан бері облыстық наркология орталығының №2 наркологиялық бөлімшесінде аға мейірбеке болып жұмыс атқарады.
Жоғары санатты мейірбике.
2014 жылы «Наркологиядағы мейірбике ісі», 2011 жылы «Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек» циклінде білімін көтерген. Отбасылы, 2 ұлы және 3 немересі бар.

 

 

 4 наркологиялық бөлімше (арнайы емдеу-алдын алу мекемесі)Бөлімше психологы Қабылбаева Салтанат Мусабекқызы

Қабылбаева Салтанат Мусабекқызы 19.09.1987ж Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген.1993-2004 жылдары №144 қазақ орта мектебінде білім алған. 2004-2008 жылдары Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік уневерситетте педагог-психолог мамандығы бойынша диплом алған.2009жылдың желтоқсан айынан бастап Облыстық Наркология орталығында психолог маманы болып жұмыс атқарып келеді. Қазіргі таңда №4 еріксіз емдеу бөлімшесінің психологы.Отбасылы,2 ұлдың анасы.