№6 наркологиялық (оңалту) бөлімшесі

8-04-2014, 12:35 Бөлімшелер
№6 наркологиялық (оңалту) бөлімшесіБөлім меңгерушісі Ережеп Ақтоты Қыдырбаевна 

Ережеп Ақтоты Қыдырбайқызы 1977 жылы, қаңтар айының 11 жұлдызында, ОҚО, Алғабас ауданы, Шалдар совхозында дүниеге келген. Ұлты қазақ. І-санаттағы дәрігер психотерапевт-нарколог.

Ережеп Ақтоты Қыдырбайқызы 1984-94 ж.ж.ОҚО, Алғабас ауданында, Абай атындағы орта мектебін тәмамдаған. Еңбек жолын 1994-96 ж.ж. аралығында Шымкент мемлекеттік медицина институтының «Қалыпты анатомия» кафедрасында лаборант болып қызмет істеуден бастады.

-1996-2002 ж.ж.аралығында жоғарыда аталған оқу орнының «Педиатрия» факультетінде оқыған. 2002-2003 ж.ж.ОҚММА –да интернатураны тәмамдап «Педиатр» мамандығын иемдеген.

-2003-2004 ж.ж. аралығында Шымкент қалалық балалар ауруханасының емізулі балалар бөлімшесінде дәрігер-педиатр қызметінде жұмыс істеген.

-2004 жылдан, яғни соңғы 12 жылдан бері Қызылорда қаласындағы Облыстық наркологиялық орталығының №ҮІ Қалыптастыру бөлімшесінде дәрігер-психотерапевт, оның ішінде 2012 жылдың наурыз айынан бері аталған бөлімшенің меңгерушісі қызметін атқарып келеді. 2014 жылдың шілде айынан 2016 жылдың қаңтар айындағы аралықта №5 Қалалық емханада бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

-12.04-18.05.2005 ж.СММА –ның дәрігерлер білімін жетілдіру факультетінде, Павлодар қаласында орналасқан нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының Республикалық ғылыми тәжірибелік орталығында «Медициналық психология және психотерапия» (қәзіргі топтық психотерапия) циклы бойынша психиатр, психотерапевт, медициналық психолог мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен.

-2008ж.ПБЗ-ға тәуелділердің медициналық-әлеуметтік сауықтыру циклы бойынша мамандығын арттырған.

-2009ж., 2014ж. Наркологиялық сараптаманың мәселелері циклы бойынша нарколог-дәрігері мамандықтарын иемденіп шыққан.

-28.02-25.07.2011ж.ж. аралығында «Психиатрия» (наркология) мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен.

 
   
№6 наркологиялық (оңалту) бөлімшесіБөлімше аға мейірбикесі Жанар Алиакбарқызы КАМЗАЕВА 

Бөлімшенің аға мейірбикесі Жанар Алиакбарқызы КАМЗАЕВА 20.03.1978 ж Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1995 жылы орыс мектебін бітіріп, 1997-2000 жылдары Қызылорда медицина колледжінде білім алды. Облыстық наркологиялық орталығында 2001 жылдан бастап №6 бөлімше мейірбикесі болып жұмыс жасады. 2010 жылы Павлодар қаласының қалыптастыру орталығында білім дәрежесін көтеру үшін оқуға барды. 2016 жылдың  бастап №6 бөлімше аға мейірбикесі болып жұмыс жасайды. Тұрмыс құрған, 3 баласы бар.

  
 
№6 наркологиялық (оңалту) бөлімшесі Психолог Жүнбаева Гүлзира Мұратбекқызы

Жүнбаева Гүлзира Мұратбекқызы 1985жылы,наурыз айының 11-ші жұлдызында,Қызылорда қаласы,Ж.Маханбетов ауылында дүниеге келген.Ұлты қазақ. Педагог-психолог.

Жүнбаева Гүлзира Мұратбекқызы 1991-2002ж.ж.Ж.Маханбетов атындағы қазақ орта мектебін тәмамдаған. 2002-2006 ж.ж. Қызылорда мемлекеттік университетінің «педагогика-психология» мамандығын иемдеген.

Еңбек жолын 2007-2016ж.ж. Облыстық наркологиялық орталығында психолог мамандығын атқарып келе жатыр.

01.09-02.11.2007ж. Павлодар қаласында орналасқан нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының Республикалық ғылыми тәжірибелік орталығында «психологиялық кеңес беру » даярлығынан өткен.

17.08-19.08.2016ж. Павлодар қаласында орналасқан нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының Республикалық ғылыми тәжірибелік орталығында «мотивационное консультирование в наркологии»даярлығынан өткен.

24.11-28.11.2016ж. «Ая-Хан»ЖШС «жеке консультация,психокоррекция,психодиагностика,психоанализ» даярлығынан өткен.