Қабылдау бөлімі

16-10-2015, 00:18 Бөлімшелер
Қабылдау бөліміҚабылдау бөлімінің меңгерушісі Аязбек Жәлелович Серікбаевтың медицина саласында 34 жыл еңбек өтілі бар. Ол 1979 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын аяқтап, балалар дәрігері мамандығын алды. Еңбек жолын облыстық ауруханадан бастап, кейін облыстық жүйке аурулары ауруханасының бөлімше меңгерушісі болды. Қазіргі таңда облыстық наркология орталығында сот сараптама төрағасы жұмысын атқарып келеді. Еңбек еткен жылдар ішінде біліктілігін көтеру үшін Ресей мемлекетінің және Қазақстан Республикасының бірнеше калаларына барып, дәріс алды, білімін толықтырды. Өз білгенін жас мамандарға үйретіп, өзіне де, өзгеге де қатаң талап қоя білетін маман екенін көрсетті. Өзінің міндетін тиянақты әрі сапалы атқара біледі. Міндеттелген жұмысына жоғарғы  ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білді.
Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Мекемеде бірнеше жылдан бері кәсіподақ ұйымының спорт секторы. Қазіргі таңда орталық кәсіподақ төрағасы. Наркология орталығы ұжымының басқа мекемелер арасында спорттың бірнеше түрлерінен жүлделі орындарды иеленуі Аязбек Жәлеловичтің қосқан үлесі қомақты. Жұмыстағы жақсы көрсеткіштері, сіңірген еңбегі еленіп, бірнеше мәрте Облыстық Денсаулық сақтау басқармасымен мақтау қағазы, алғыс хаттарымен марапатталды.
Қабылдау бөлімі