Есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және оңалту

Есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және оңалту, Ақмола облысы Зеренді ауданы Раздольное аулында орналасқан «Қазақстан Республикасы ІІМ ЕБҚКД Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді.

Орталықта жергілікті наркодиспансерлерде медициналық түзетуден өткен және одан әрі емдеуді жалғастыруға тілегі бар есірткіге тәуелді адамдарға әлеуметтік-психологиялық оңалту жүргізеді.

Оңалту курсы өз еркімен, тегін негізде және бір жылға дейінгі мерзімге есептелген.

Медициналық-әлеуметтік оңалтудан өту үшін келесідей құжаттар жинақталады:

1. Жергілікті учаскелік полиция инспекторы мен дәрігер – наркологтан екі мінездеме;

2. Жеке куәліктің көшірмесі;

3. Емдеу кәртішкесінен қорытынды-жазба (выписка из лечебной карточки);

4. Алғашқы қарау актісі, ВИЧ-қа, инфекциялық ауруларға анализдер, рентген қорытындысы (акты первичного осмотра, анализы на ВИЧ, на инфекционные заболевания, рентгеновское обследование);

5. Арнайы медициналық мекемелерде медициналық оңалтудан өткендігі жайлы дәлелдеу құжаттары (документы, подтверждающие прохождение курса медицинской реабилитации в специализированных медицинских учреждениях).

Орталықта, нашақорлыққа қатысты сұрақтар мен дағдарыс жағдайларға байланысты тәулік бойы телефон арқылы кеңес беру қызметі жұмыс атқарады (сенім телефоны 88000803515, қабылдау бөлмесі 87163233756).